Елордада травматология және ортопедия орталығына ғимарат салуға жер табылмай жатыр

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған орталықтың базасында 385 төсек-орынға арналған 14 клиникалық бөлімше жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар буындарды эндопротездеу, артроскопия және спорттық жарақаттар, омыртқа патологиясы бойынша 3 республикалық орталық ашылған. 1971 жылы салынған орталық ғимаратының жалпы ауданы 24 356 шаршы метрді құрайды әрі тозығы жеткен.
Қазіргі заманғы стандарттарға да, санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына да сай келмейді.
«Бүгінде Денсаулық сақтау министрі Астана қаласының әкімдігімен нысан құрылысына жер учаскесін бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Өтйкені, бұған дейін нысан құрылысына бөлінген жер учаскесі елорданың «жасыл белдеуінде» жатқандықтан беру мүмкін болмай отыр. Астана қаласының әкімдігі Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының жаңа ғимаратын салу үшін 5 жер учаскесін ұсынды. Бірақ, ұсынылған жер учаскелерінде инженерлік коммуникация жоқ, орналасқан жері де ыңғайсыз. Аумағы да жеткілікті емес. Бұл жайт алдағы уақытта жобаны жүзеге асыруда қиындық тудырады», - деді Алтай Көлгінов жауабында.
Вице-министрдің атап өтуінше, нысан салуға арналған жер учаскесі анықталғаннан кейін заңмен белгіленген тәртіппен жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
2024-2026 жылдарға арналған респубилкалық бюджетті қалыптастыру аясында аталған мәселені одан ары қарау үшін мемлекеттік сараптама жүргізіледі.
«Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, академик Н.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының жаңа ғимараты құрылысы бойынша жұмысты жеделдету тапсырылды», - деді ол.