13:39, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
Елордада туберкулезге шалдығу 19 пайызға төмендеді
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада туберкулезге шалдығу 19 пайызға төмендеді.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде аталған ведомство басшысы Айгүл Сегізбаева айтты.
Оның атап өтуінше, Астанада өкпе құрт ауруына шалдығу және одан көз жұму көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысында елордада бұл ауруға шалдыққандар саны 19 пайызға, ал республикада небәрі 5 пайызға төмендеген. «Дегенмен туберкулезге шалдығу көрсеткіші әлі де жоғары болып отыр. 2011 жылғы көрсеткіш 100 мың адамға 138,1 болса, қазір 111,7 болып тұр», - деді ол.
Басқарма басшысының атап өтуінше, қала тұрғындарын тексеру ауқымы арта түсіп, ауруды ерте анықтау бағытында белсенді шаралар қолға алынған.