Елордада тұрғын үй салуға уақытша шектеу қойыла ма – әкім жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімі елордада тұрғын үй салу қарқыны мен сапасына қатысты түсінік берді.

«Біз жылына 4 млн шаршы метр тұрғын үй салып жатырмыз, оның ішінде әртүрлі үйлер бар. Сапасы жоғары, орташа және басқа. Әртүрлі жағдай болады, үйлерге қатысты нақты сұрақтар болса біз оны тексерейік», - деді Жеңіс Қасымбек бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесуі барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сонымен қатар журналистер елорда әкіміне қалада тұрғын үй салуды уақытша шектеуге қатысты сауал қойды.
«Керек емес, ондай мәселе көтерілген жоқ», - деп қысқа қайырды Ж. Қасымбек.
Бұған дейін Астанада жыл соңына дейін 9 проблемалы тұрғын үйдің құрылысы аяқталатыны туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ жуырда елорда әкімдігі ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру туралы жоспарын жариялады.