Елордада тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қ. Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, елордада тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, құрылыс нысандарының саны ұлғайды.
None
None

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 99 081,4 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 101,1% құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі - 18,3%.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14 903 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 644 497 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 29%-ға көп. 

Жеке салушылар жалпы ауданы 124 791 шаршы метр тұрғын үй салған. Бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 3,8 есе көп. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 7,6%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,6% болған.

Елордада 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 128,9 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылардың тұрғызылғаны 105,2 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, нысандардың құрылысында да өсім байқалып отыр. 

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 399 775,5 млн теңге сомасына құрылыс жұмыстарын орындады. Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің ең жоғары үлестік салмағы 54,6%-ы жекеменшік мердігерлік ұйымдарға, 45,3%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі, мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады.

Соңғы жаңалықтар