Елордада тұрғындардың көлік кептелісіне шағымынан кейін жаңа жол белгілері орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік желі арқылы қаланың сол жағалауындағы көлік кептелісіне жиі шағымдана бастады.

Елордада тұрғындардың көлік кептелісіне шағымынан кейін жаңа жол белгілері орнатылды

Осыған орай Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысын ұйымдастыруға енгізілген өзгерістерді хабарлады.

«5 қыркүйектен бастап Астананың Орынбор және Достық көшелері қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қонаев көшесі жақтан келе жатқанда Достық көшесімен қиылыста, Орынбор көшесі бойында ерте тоқтату әдісі ұйымдастырылды. Бұған қоса, қиылыстан кейін солға қарай «+» қызыл түсі қосымша белгісі орнатылды. Оны пайдаланудағы мақсат Қонаев көшесі жақтан Орынбор көшесінен Достық көшесіне солға бұрылу барысында қозғалыс тәртібі туралы жүргізуге ақпарат беру», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Орынбор көшесімен Алматы көшесіне қарай көліктерді өткізу мүмкіншілігін арттыру мақсатында  Орынбор көшесінен Қонаев көшесіне солға бұрылу алынып тасталды.

Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістер туралы көлік жүргізушілеріне ақпарат беру мақсатында «Орынбор, Сығанақ көшелері» көлік айрықтарында ақпараттық-сілтеме белгі орнатылды.