Елордада ҮЕҰ дамуына сүбелі үлес қосқан әкімдер марапатталды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада Азаматтық қоғам институттарының күні мерекесіне орай үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктері ұсынылған көрме ашылды.
None
None

Көрмеде Қазақстандағы азаматтық қоғам институттарының ең үздік әлеуметтік жобалары, үкіметтік емес сектордың өсу серпіні мен іске асырылатын жұмыстардың сапасы қамтылған. Онда әлеуметтік фотосуреттер, интерактивті инсталяциялар, ҮЕҰ өкілдері дайындаған қалалар логотиптерінің үлгілері қойылған экспозициялық секциялар жұрт назарына ұсынылды.

Сонымен қатар осы күні әлеуметтік салада едәуір еңбек сіңірген ҮЕҰ өкілдері мен азаматтық қоғам институттарының дамуына үлкен үлес қосқан әкімдер марапатталды.

Атап айтқанда, «Қазақстанның азаматтық альянсы» тарапынан Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев, БҚО Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиев, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин сынды аймақ және өңір әкімдерінің еңбектері еленді.

«Әкімдер шынымен біздің әріптесімізге айналды. Әрқашан ҮЕҰ-лардың мәселелеріне құлақ асып, оларға көмек қолын созуға және олардың көзқарасымен санасуға тырысады», - дейді Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының өкілі Алина Хаматдинова.

Соңғы жаңалықтар