Елордада ҰҚШҰ мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының 23-отырысы өтіп жатыр.

Елордада ҰҚШҰ мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтіп жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Біздің әскери-экономикалық саладағы өзара іс-қимылымыз ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елдеріміздің қорғаныс-өнеркәсіп әлеуетін нығайтудың маңызды элементі саналады. Отырыстың әр қатысушысының үлесін жоғары бағалаймыз, - деді жиынды ашқан Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.

РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров бүгінгі іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

- Күн тәртібінде нақты өзара іс-қимылды дамытуды қажет ететін көптеген мәселе бар. Айтап айтқанда, мемлекеттеріміздің қорғаныс кәсіпорындары үшін кадрлар дайындау жайында сөз болып отыр. Бұл ретте ғылыми білім беру мекемелерінің серіктестігін қалыптастырып, жеңілдік шарттарымен студенттерді оқыту тетіктерін жеңілдету аса маңызды. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс әдістері жеке келісімде көзделген. Оның жобасы бүгін комиссия талқылауына шығарылып отыр. Инженерлік және сыртқы экономикалық бейін құзіреттерін теңгерімді күшейту ҰҚШҰ мемлекеттерінің қорғаныс өнеркәсіптерінің даму қарқынын үйлестіру үшін айрықша маңызға ие. Әскери мақсаттағы өнімдерді шығару, оларды жаңғырту және жөндеу бойынша ғылыми-өндірістік кооперацияны кеңейту соған байланысты, - деді ол.

Сонымен қатар ол ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы диалог пен құзіреттер алыс-берісінің жаңа форматын дамыту қажеттігін айтты.

- Осыған орай конгресс-көрме іс-шараларын өткізу тәжірибесін ынталандыру жөн болар еді. Бұл тұрғыда келесі жылдың маусымында Минскіде «Ұлттық қауіпсіздік. Беларусь-2026» халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында ҰҚШҰ-ның 2-ші әскери-экономикалық конференциясын ұйымдастыру бастамасын қолдаймыз, - деді Денис Мантуров.



Соңғы жаңалықтар