Елордада үш адамды пышақпен жарақаттаған күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада шұғыл іздестіру шаралары барысында үш адамды пышақпен жарақаттаған 30 жасар тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Полиция департаментінің мәліметінше, танысының үйінде қонақта болған күдікті спирттік ішімдікке масайған. Отырыс барысында күдіктіге танысының баласын тәрбиелеудегі тәсілі ұнамаған. Осының салдарынан екеуі жанжалдасып, 30 жастағы қонақ үй иесіне үш рет пышақ жарақатын салған.

Бұдан кейін пәтерден жүгіріп шыққан кезде, баспалдақта көршісін кездестірген. Қылмыс орнынан жылдам жасырыну мақсатында көршісін де пышақтаған, сонымен қатар жанжалды естіп жүгіріп шыққан оның әйелінің қолын жарақаттады.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні 15 минуттың ішінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның бұған дейін істі болғаны анықталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар