Елордада үйге қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM – Сәби үйдің есігін аша алмай жалғыз қамалып қалған. Көмекке астаналық құтқарушылар келді.

«Оқиға елорданың көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Әкесі баланы үйде қалдырып дүкенге шыққанда есікті кілттеп жауып, қайта аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 9-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.
«Құтқарушылар баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Сәби зардап шеккен жоқ», - дейді төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Еске сала кетсек, былтыр Астанада күзетші 20-қабаттағы терезеде ілініп тұрған баланы құтқарған еді.
Биыл наурызда елордалық балықшылар мұз ойылып, суға құлап кеткен 7 жасар баланы құтқарды.
Одан бөлек, Астанада 7-сынып оқушысы балконға ілініп тұрған бес жасар баланы аман алып қалды.