19:26, 24 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Елордада жаңа жылға орай бұқаралық жүгіру ұйымдастырылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық «Жаңа жылдық жүгіру – 2025» спорттық шарасы өтеді.
Елорда әкімдігінің мәліметінше «Жаңа жылдық жүгіру – 2025» спорттық іс-шарасы 2025 жылдың 28 желтоқсанында Триатлон паркінде өтеді.
Іс-шараның басталуы сағат 10:00-ге жоспарланған.
Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға қатысушылар саны 1200 адаммен шектелген.
Шара барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Айта кетерлігі, «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» шарасына қатысу тегін.
Айта кетелік Астанада 26-31 желтоқсан аралығында «Соғым-FEST» мерекелік жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді.