Елордада жас инспекторлар мектебі ашылды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы № 35 мектепте жас инспекторлар мектебі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мектептің ашылу рәсіміне Астана қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қайрат Мұхитов және өзге де бірқатар құқық қорғау саласының басшылары мен кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар қатысты. Астана қалалық Ішкі істер департаментіне қарасты Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы Гүлнәр Өміршеңованың сөзіне қарағанда, Ішкі істер министрі мен Білім және ғылым министрі өткен 2008 жылдың қараша айында елордада жас инспекторлар мектебін ашу жөнінде келіскен. Ондағы мақсат - инспекторлардың кәсіби деңгейін көтеріп, мектеп оқушыларының психологиясын зерттеп, балалармен сабақтан тыс уақытта емін-еркін тілдесу. «Бүгінде елордадағы 64 мектептің барлығында да мектеп инспекторлары бар. Ол инспекторлардың өздері де кеше ғана оқу орнын тәмамдаған жас мамандар. Олар осында өздерінің біліктіліктерін жетілдіретін де болады», - дейді Г.Өміршеңова.
Соңғы жаңалықтар