Елордада жасалатын қылмыстардың дені - ұрлық

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа  әкімдігінде ПИК төрағалары мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтті.
None
None

Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр. Қатысушылар алдында Астана қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Олжабаев пәтер ұрлығының алдын алу жөнінде ұсыныстар айтып,  сөз сөйледі.   

Оның айтуынша, Астанада жасалатын ұрлықтың басым бөлігі   -  дүние-мүлікті ұрлау. 

«Үлгілі тәртіп орнату үшін біз күш біріктіруміз қажет, - деді Жанболат Олжабаев  ПИК төрағалары алдында сөйлеген сөзінде. - Білетін болсаңыздар, сіздің аумақтағы үй иелерінің көпшілігі пәтерлерін жалға  беретіндер. Статистикаға сәйкес қылмыстың  80%-ын басқа қаладан келгендер жасайды екен».

Сондай-ақ, полиция полковнигі ПИК төрағаларын күдікті,  бөтен адамдар мен пәтерді жалға алушылардың жүріс-тұрыстарына қатысты қырағылық танытып, бірінші қабатқа темір торкөздер орнатып, үйдің шатырына  шығатын және жертөлесіне  кіретін есіктерге құлып салу керектігін ескертті. 

Сонымен қатар, Ж.Олжабаев ұрылардан қорғануда заманауи технологияларды пайдаланып, домофондар мен бейнекамералар орнатудың маңыздылығын  атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум