Елордада «Жастар-2009» республикалық сыйлығының иегерлері марапатталды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада «Жастар-2009» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық сыйлыққа 360-тан астам талапкер ұсынылып, 18 аталым бойынша таңдаулы жастар мен жас ұжымдар анықталды.

Атап айтқанда «Жастар-2009» сыйлығы «Үздік жастар ұйымы», «Жастармен жұмыс жүргізуде үздік аймақтық мемлекеттік ұйым», «Жас көшбасшы», «Жылдың жас саясаткері», «Үкілі үміт», «Жыл спортшысы», «Жас журналист», «Жылдың жас ғалымы», «Жас дарын», «Үздік жас орындаушы», «Үздік жас шығармашылық топ», «Жас мемлекеттік қызметші», «Жас режиссер», «Жылдың үздік ауыл мұғалімі», «Ауылдың үздік жастар ұйымы», «Үздік медицина қызметкері», «Жас депутат», «Жыл дебюті» аталымдары бойынша үздіктердің арасынан оза шыққан таңдаулы жастарға берілді. Оларға тәуелсіз еліміздің рәмізіне айналған қанатын кеңге жайып, биікке самғаған қыран құс бейнесіндегі мүсін және төсбелгілер салтанатты түрде табысталды.

Сыйлық 2004 жылдан бері «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының және «Қазақстан жастары конгресінің» бастамасымен жыл сайын беріліп келеді. Байқау жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, елімізді  дамытуға және өрелі істерге оларды кеңінен тарту мақсатында өткізіледі.

«Қазақстанның жастары ішінде талантты да талапты, дарынды жастарымыз өте көп. Мінеки, осындай жастарымыз көптің бірі болып қалмаса екен, талантты жастарымызды таба білейік, олардың жұлдыздарының жануына жағдай жасау керек», деді Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков.

Соңғы жаңалықтар