Елордада «желтоқсандықтар» әлеуметтік көмек алып тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Бұл жайында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Гарифуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінде «желтоқсандықтар» қалалық мәслихат шешіміне сәйкес әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері жоқ екендігіне қатысты мәселені көтеріп жүр. Біз «мүгедектігі бар» және «зейнеткер» деген түсінікті алып тастаймыз. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тіркелген қоғамның қатарындағы шамамен 30 адам жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек алатын болады», - деді ол қалалық Қоғамдық кеңес отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған іс-шара жүзеге асқан жағдайда «желтоқсандықтарға» шипажайда емделуге, коммуналдық қызмет, телефонның абоненттік төлем шығындарына өтемақы алады.

«Төлемақы мөлшері 2,4 айлық есептік көрсеткіш (7000 теңге) мөлшерінде болжанады. Осы жылға қалалық бюджеттен 15,8 млн теңге қажет болады», - деді Бақтияр Гарифуллин.

Еске салайық, Семей полигонынан зардап шеккен елорда тұрғындарына да қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар