Елордада тағы бір жиһаз цехы өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жиһаз цехынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

өрт
Фото: Астана қаласы ТЖД

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған. 

өрт
Фото: ТЖМ

«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы – 500 ш.м.», - деп хабарлады департаменттен.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Айта кетсек, 17 ақпан күні Астанада жиһаз жасайтын цех өртенген болатын

Соңғы жаңалықтар