Елордада жинақталған тұрмыстық қалдық көлемі белгіленген мөлшерден 2 еседен астам артық

Ескерілмеген қоқыстар қоқыс тасушы компанияның есебінен жойылады. Сонымен қатар, ол өз кезегінде бюджет есебінен жойылып отырылатын рұқсат етілмеген қоқыстардың жинақталған көз болып табылады. Елордада коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталуы барлық тұрғын үй қоры нысандары мен тұрғын емес орынжайларда жеке белгіленеді. Қолданылатын көрсеткіш жылына әр адамға - 1,1 текшеметр қоқыс, көпқабатты үйлердегі сияқты қаланың жекеменшік секторларында да тек жеке тұлғаларға қатысты болады. Сонымен қатар, қалдықтардың жинақталу мөлшері әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандар үшін бүгінде белгіленбейді. Қоқысты тасып шығарушы кәсіпорын есептеу үшін не болжалды мөлшерді немесе шығарылған қоқыстың нақты көлеміне қарай есепті пайдаланады. Бұл туралы Астана қаласы Табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Б.І.Ахметов мәлім етті.
ТКШ-ны жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы басқармасының тапсырысы бойынша Астана қаласында коммуналдық қоқыстардың пайда болуы және жинақталу мөлшерін анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінгі күні қоқыстардың нақты жинақталу көлемі жылына бір адамға көпқабатты үйлер секторында 2,16 текшеметрді, жекеменшік секторында - 2,3 текшеметрді құрайтындығы белгілі болды. Полигонға көмуге әкелінген қатты тұрмыстық қалдықтарға жүргізілген талдауларға сәйкес, қазіргі мөлшер қоқыстың пайда болған нақты мөлшеріне сәйкес келмейді. Сондай-ақ, ол ҚР ең төменгі мөлшер болып табылады. Адам басына шақталған - 2,6 текшеметр мөлшер - нақты болып табылады. Әрі ол қазіргі қолданылып жүрген мөлшерден 1 текшеметрге артық.
«Қалдықтарды тасып шығарудағы жаңадан қабылданған мөлшер тарифтің де өсуіне әкелетінін ескере отырып, халықтың тұрмысы төмен топтарына арадағы айырмашылық тұрғын үй көмегі есебінен өтеледі. Сонымен қатар, біз қоқыстарды тасып шығарушы мекемеден ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға ҚТҚ жинап, тасып шығаруда тегін қызмет көрсететіні туралы кепілдеме хат алдық», - деді Б.Ахметов.
Басқарма мамандарының пайымынша, коммуналдық қалдықтар жинақталуының жаңа мөлшерін қабылдау елорданы күл-қоқыстан тазартуға байланысты барлық түйткілдердің жүйелі шешілуіне және дотациясыз тәртіпке көшуге мүмкіндік туғызады.