Елордада жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер 50,5 млн теңге айыппұл төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарты жыл ішінде жаяу жүргіншілер 6 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзып, оларға 50,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана ІІД ЖПҚ-інің баспасөз қызметі.
None
None

«Әрбір бесінші жол көлік оқиғасы жая жүргіншілердің кінәсінен болады. 268 жол көлік оқиғасының 54-і немесе 20%-ы жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтамауынан», - дейді баспасөз қызметі.

Астанада биылғы жылдың 4-5 тамыз күндері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары өткізіледі.

«Рейд шаралары кезінде жолдың қауіпті бөліктерінде жол-патруль қызметтері күшейтіледі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің өту қауіпсізідігі ережелерін бұзу пен жаяу жүргіншілер жолында жол ережесін бұзушы жүргізушілерге баса назар аударылатын болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар