20:31, 02 Сәуір 2022 | GMT +5
Елордада жолдардың нашар болуына байланысты 16 автобус бағытын өзгертті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бірнеше қоғамдық көліктің қозғалыс бағдары өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, жол жабыны қалпына келтірілгенге дейін № 24, 45, 46, 15, 15А, 22А, 14, 5А, 6, 16, 37, 72 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сонымен қатар қала маңындағы Қосшы қаласына қатынайтын № 302, 303, 320, 323 бағдар автобустары жолдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін «Лесная поляна» тұрғын үй алабына кірмей Республика көшесімен тура жүретін болады.
Мұнан бөлек, жол жұмыстарына және айналма жолдың мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан зиратқа бұрылуға дейінгі учаскесінің жабылуына байланысты №69 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Автобус бағыттарының өзгерген сызбаларын City Transportation Systems компаниясының желідегі парақшасында көруге болады.