10:23, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Елордада жұмыс, қызмет және тауар өндірушілердің жалпы ұлттық қазақстандық форумы басталды
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында жұмыс, қызмет және тауар өндірушілердің жалпы ұлттық қазақстандық форумы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-ның, Машина жасау одағы, «Атамекен» одағы ҰЭП-сы, Сауда өнеркәсіп палатасы, Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамына кіретін жер қойнауын пайдаланушылар мен жер жүйесін құраушы кәсіпорындардың бірінші басшылары, сондай-ақ барлық аймақтардың әкімдері қатысуда.Форум аясында облыстар мен Алматы және Астана қалаларындағы кәсіпорындардың өнімдері мен қызмет түрлері ұсынылған көрме-жәрмеңке өтіп жатыр. Шараға қатысушылар келіссөздер жүргізіп, келісім-шарттарға қол жеткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» АҚ және «С. М. Киров» атындағы зауыты» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау, Өндіру» АҚ мен «МұнайМаш» АҚ арасында және өзгеде ірі кәсіпорындар Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды деп жоспарлануда.