Елордада жыл соңына дейін бірнеше орта білім мекемесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта елордада 130 542 оқушыны қамтитын 95 жалпы білім беру мекемесі бар, соның 84-і -  мемлекеттік және 11-і - мемлекеттік емес.
None
None

Мемлекеттік мектептердің 56-сы жаңа типтегі оқу ордалары және олар 95 984 оқушыны қамтып отыр, өткен оқу жылында - 84 149, соның ішінде 4 гимназия, 26 мектеп-гимназия (гимназиялық сыныптарда), 4 лицей, 21 мектеп-лицей (лицей сыныптарында) және дарынды балаларға арналған 1 мектеп.

Сондай-ақ, елордада 3625 оқушыны біліммен қамтып отырған 11 жеке меншік мектеп жұмыс істейді, соның ішінде негізгі және орта мектептер, оқу ордаларының 97% интернетпен қамтамасыз етілген.

Жаңа модификациядағы кабинеттермен қамту деңгейі - 55,5%. 2016-2017 оқу жылында 2 мектеп ашылды - 600 орындық № 26 (апатты деп танылған мектептің орнында), 1200 орындық № 84. Қазіргі уақытта 6 мектептің құрылысы жүргізілуде, оларды 2017 жылдың соңына дейін тапсыру көзделген. Сонымен бірге, №37 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс және коррекциялық мектеп-интернатқа 375 орындық қосымша құрылыс салынуда.

Соңғы жаңалықтар