19:09, 24 Мамыр 2025 | GMT +5
Елордадағы Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алаш тасжолының 191 көшесінен 69 көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 25-29 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Нұржол бульварының учаскесі уақытша жабылатынын хабарлаған едік.