Елордадағы қатты жел: Атырауға ұшқалы тұрған ұшақ зақымданды

АСТАНА. KAZINFORM - Елордадағы қатты желден Астана-Атырау бағытында ұшқалы тұрған ұшақ зақымданып, рейс кешіктірілуде, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

Самолеты  Air astana Эйр астана Ұшақ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

"8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған. Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше 2 сағатқа кешіктірілді" делінген хабарламада.

зақымдау
Фото: Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі

Астана қаласының әуежай аумағында бұршақ жауып, көліктердің терезесі шытынап, кейбірінің алдыңғы терезесі сынып кетті.

Бұршақ  шамамен сағат 17:50-18:00 шамасында жауды. Халықаралық әуежай маңындағы көліктер бір сәтке қозғалысты тоқтатып, жол жиегіне тізіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар