16:29, 29 Маусым 2025 | GMT +5
Елордадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандары көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейін жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 30 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, Астанадағы Айтматов көшесі бір аптаға жабылатынын хабарлаған едік.