Елордадағы Марал көпірінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Марал көпірі (М2) бойындағы деформациялық тігістер бойындағы жол төсемін қалпына келтіру жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы Марал көпірінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана әкімдігі

– 6 қыркүйек күні сағат 15:00-ден 8 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - делінген хабарламада. 

Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең ұзын көшені жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар