19:19, 03 Тамыз 2024 | GMT +5
Елордадағы Момышұлы даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді.
Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, көрсетілген учаске 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі үш күнге жабылатынын хабарлаған едік.