Елордадағы Сәкен Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С.Сейфуллин көшесінің Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы Сәкен Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты 26 маусым мен 6 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандының екі ірі ауданын тікелей жалғайтын жаңа жол салынатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар