19:00, 21 Маусым 2025 | GMT +5
Елордадағы Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Бас қаладағы Шыңғыс Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 21-29 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда тағы бір көше екі айға жабылатынын жазған едік.