Елордадағы Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Тәуелсіздік даңғылының Қ.Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің жағалауын көркейту жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.