22:01, 01 Тамыз 2025 | GMT +5
Елордадағы Ю.Малахов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ю.Малахов көшесінің теміржол өткелінен Сусамыр көшесіне дейінгі аралықта жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 2-3 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Сәкен Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын жазған едік.