Елордадағы Алматы ауданының прокуратурасы «Ашық есік күнін» өткізіп жатыр

Бұл туралы Алматы ауданының прокуратурасынан хабарлады.
Азаматтар көбінесе тұрғын үй, жер туралы заңнамалардың қолданылуы, сот актілерінің орындалуы, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз шешім қабылдауы және қылмыстық іс жүргізудегі созбалаңдыққа байланысты сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінеді.
Акция өткізілген күн ішінде 15 арызданушы аудан прокуратурасының басшылығымен жеке қабылданды. Оларға барлық туындаған мәселелері бойынша, әдістемелік және заңдық консультация беріліп, ал тексеріс шараларын ұйымдастыру қажет болған жағдайда арызданушы сәйкесінше жазбаша арыз жазып, бұл арыздың шешілуі прокуратура басшылығымен қатаң қадағалауға алынды.
Сонымен қатар, бұл күні 25 жеке және заңды тұлғалардың арызы жазбаша түрде келіп түсіп, қазіргі таңда қаралуда.
Бұл шара тұрғындар мен басқа да мүдделі тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жүйелі түрде өткізілетін болады.