Елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындарының өтініші бойынша жәрмеңке 30 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
None

Нұр-Сұлтанда Түркістан облысының 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 535 тонна өз өнімдерін ұсынды, оның ішінде ет және ет өнімдері, көкөністер, картоп, сүт, нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен бақша өнімдері, бал, жеміс шырындары, консервіленген өнімдер, жұмыртқа бар. Мұның бәрін дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатып алуға болады.

Жәрмеңке 29 тамызға дейін созылуы керек еді, бірақ қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша іс-шара тағы 30 тамызға дейін ұзартылды (жәрмеңке дүйсенбіде болады).

Жәрмеңке «Барыс Арена» мұз сарайының аумағында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар