Елордадағы Ботаникалық бақта демалушыларға карантин ережелері түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мониторинг тобы азаматтарға санитарлық талаптар мен ережелерді түсіндіру мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді.
None
None

Рейд барысында тәртіп сақшылары тұрғындарды маска тағу режимі мен басқа да қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері шектеу шараларын үстіміздегі жылдың 2 тамызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, елорданың полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу және түсіндіру шараларын жалғастыруда. Атап айтқанда, пандемия кезінде маскаларды міндетті түрде кию және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Прокуратура, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және полиция қызметкерлерінен тұратын бақылау топтары құрылды. Олар тамақтану, ойын-сауық, спорт нысандарына рейдтер жүргізеді. Сондай-ақ, азаматтарға карантиндік шараларды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салғым келеді», - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы Мадияр Айтуғанов.



Бүгін мониторинг тобы Ботаникалық баққа барып, онда демалып жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері белгілеген санитарлық нормалар мен талаптарға сай ережелерді сақтауға шақырды.

«Бірінші кезекте егер біз азаматтардың тәртіпке әдейі мойынсұнбайтынын көрсек немесе сол заңбұзушылықтар бойынша азаматтар қайтадан ұсталса, тиісті хаттама толтырылады. Азаматтардың негізгі бөлігі түсіндіру жұмыстарына түсіністікпен қарайды. Бірақ бұл шаралар халықтың өз қауіпсіздігі үшін жасалатынын түсінбейтіндер де бар», - деді Мадияр Айтуғанов.


Карантин режимін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (83,340 теңге), заңды тұлғаларға 230 АЕК (638 940 теңге) айыппұл салынатынын айта кету керек.

«Біз қоғамдық орындарда, атап айтқанда саябақтар мен алаңдарда азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ботаникалық бақта тұрғындар демалысын негізінен отбасыларымен бірге өткізеді. Айта кету керек, сіз жалғыз немесе үш адамнан аспайтын жағдайда жүре аласыз. Егер бұл талаптар орындалмаса, тұрғындарды жауапқа тартуға болады. Яғни оларға 30 АЕК айыппұл салынады. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін маска тағу режимін сақтауға шақырамыз», - деп қорытындылады Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы Айман Жанатаева.


Соңғы жаңалықтар