Елордадағы халықаралық турнирде Беларусь хоккейшілері Ресейді жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турнирінде Беларусь құрамасы Ресейден басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы халықаралық турнирде Беларусь хоккейшілері Ресейді жеңді

Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері Ресейді 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Беларусь сапынан Никита Пышкайло 2, Тимофей Ковгореня 25, 48, 57, Сергей Сапего 33, Егор Игнатенко 52, Сергей Заягин 55-минутта мергендік танытты.

Ал, Ресей сапынан Валентин Зыков 12, Андрей Чивилев 27, Марат Хайруллин 46, 53-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, Беларусь құрамасы қарсыласынан 7:4 есебімен басым түсті. Енді олар 7 мамырда Қазақстанмен кездеседі.

Еске салсақ, 5 мамырда Ресей құрамасы қазақстандықтарды 3:0 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, 13 мамырда қазақстандық хоккейшілер Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.