Елордадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда полиция бекеттерін қою керек - прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда полицияның стационарлы бекеттерін қою керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«2013 жылдан бері прокуратура ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда полицияның стационарлы бекеттерін қоюды ұсынуда. Біздің ойымызша, бұндай қадамдар қылмыстар мен қоғамдық тәртіптің өзге де құқық бұзушылықтарына шұғыл әрекет етуге ықпал етеді»,-деп тоқталды Т. Сүлейменов.

Осы орайда ол ірі орталықтардың әкімшіліктеріне аталған бекеттердің қызмет етуінің жағдайы мен тәртібі ескертілгенін жеткізді. Бастапқыда осындай бекеттер «Хан Шатыр», «Азия парк» секілді орталықтарда жұмыс істеген болатын.

«Кейіннен олардың жұмыстары тоқтап қалды. ІІД бұны жеке қызметкерлерді осы мақсаттарға бөлу мүмкіндігі жоқ екенімен түсіндіріп отыр. Дегенмен де олар осы жерлерде қоғамдық тәртіпті қорғаудың баламалы нұсқаларын ұсынбай отыр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар