Елордадағы кирпичный шағынауданындағы нөсер кәріздеріне мониторинг жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Сапалы жол» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен, сондай-ақ қоғам өкілдерімен бірлесіп, Кирпичный шағынауданындағы нөсер кәріздерінің жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жүргізілген мониторинг барысында еріген судың болуына және асфальтбетон жабынының бұзылуына байланысты жол жабынының сапасына

әсер ететін тазарту құрылыстарын күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың сапасыз жұмыс істеу фактісі анықталды.

Кирпичный шағынауданы аумағындағы тазарту құрылыстары қала балансына берілмегенін атап өту қажет.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту ұсынылды.

Сонымен қатар, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен жол жабынының ақауларын анықтау мақсатында қала көшелерін аралау жүзеге асырылды, оның шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін жолдардың проблемалық учаскелері тіркелді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.


Соңғы жаңалықтар