Елордадағы мемлекеттік балабақшаларда ата-ана төлемақысы өседі

«Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі нәтижесінде мемлекеттік балабақшалардағы ата-аналардың тамақтану ақысының құны тамақтануды ұйымдастыру шығындарын өтемейді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Әкімдік қаулысына сай, мектепке дейiнгi мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-ана төлемақысы мына мөлшерге қымбаттайды:
- жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар үшін - 41 718 теңгеден 46 189 теңге дейін;
- балалардың толық күндік шағын орталығы - 31 995 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;
- арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы және инклюзивті топтар үшін - 91 118 теңгеден 102 665 теңгеге дейін;
- мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар үшін - 62 040 теңгеден 89 204 теңгеге дейін;
- балалардың толық емес күндік топтары үшін - 18 066 теңгеден 20 202 теңгеге дейін;
- мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ақы төлеу - 16 800 теңгеден 20 800 теңгеге дейін.
Құжат 3 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін осы айдан бастап қолданысқа енгізіледі.