Елордадан Сенат депутатын сайлауда Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елордадан еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғары палатасына үш кандидат тіркелген болатын. Таңдаушы мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде Ақылбек Күрішбаев 15 дауыс жинады. Ал қалған екі кандидат Мәулен Самамбетов пен Мейрамбай Оралов 2 және 3 дауыс қана жинай алды. Дауыс беруге қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысты.


Соңғы жаңалықтар