Елордаға келетін шетелдіктерден қанша туристік жарна алынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімдігі елордаға сапарлап келетін шетелдіктерден алынатын туристік жарна мөлшерін бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаға 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1 725 теңге) мөлшерінде тіркелген мөлшерлеме қолданылады. Бұл мөлшерлеме Астана қаласының мәслихатына бекітуге жіберілсін. Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 502-3586 қаулысының күші жойылды деп танылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған қалалық әкімдіктің шешім-жобасында.

Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, таяуда Алматы мен Қарағанды қаласында да шетелдіктер үшін жаңа туристік төлем мөлөлшерін белгілеуді ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар