Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Албанияда өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Гүлмарал Еркебаева үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды
Фото: United World Wrestling

Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Болгария өкілі Ванеса Георгиеваны 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Эльмира Ясинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші сатыға Үндістан құрамасы жайғасса, АҚШ үздіктер үштігін түйіндеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елордалық балуан Марлан Мұқашев халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум