Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордадағы №2 өнер мектебінде «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік концерт өтті. Мәдени іс-шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды
Фото: Астана қаласы №2 өнер мектебі

Оқушылардың бойында достықты, татулықты, ұлттар арасындағы сыйластықты дәріптеу және халқының көпұлтты мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік концерттің ашылу салтанатында мектеп директоры Назгүл Дүйсен сөз алып, барша қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Өз сөзінде ол еліміздің басты байлығы — татулық пен келісім екенін атап өтіп, жас ұрпаққа достық пен бейбіт өмірдің маңызын ұғындырудың қажеттігіне ерекше тоқталды.

Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды
Фото: Астана қаласы №2 өнер мектебі

Концерт барысында өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Олар халықтар достығын ұлықтайтын әсем әндер шырқап, түрлі ұлттардың ұлттық билерін орындады.

Қаламызға танымал «Қазына» сазсырнайшылар ансамблі, «Назқоңыр» қобызшылар ансамблі, «Мұрагер» дәстүрлі әншілер және «Сырлы саз» фольклорлық ансамблдері өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Іс-шара барысында көрермендер қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, беларусь,қырғыз және басқа да ұлт өкілдерінің өнерлерімен танысты. Әрбір өнер туындысы еліміздің мәдени әртүрлілігін, бірлігін, татулығын паш етті.

Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды
Фото: Астана қаласы №2 өнер мектебі

Мәдени іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар тарапынан жылы ықыласқа ие болды. “Бірлігіміз жарасқан” атты мерекелік кеш — жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты, мәдени сананы, ұлттар достығын дәріптейтін тәрбиелік мәні зор шара болды.

Сонымен қатар осы мектепте «Бір шаңырақ астында» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты — оқушылардың ұлттық құндылықтарға, мәдени әртүрлілікке деген құрметін арттыру, ел ішіндегі ұлттар достығын насихаттау және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды
Фото: Астана қаласы №2 өнер мектебі

Әртүрлі ұлт өкілдерінің тұрмысы мен мәдениетіне байланысты бұйымдар, қолдан жасалған көркем жұмыстар, оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері мен қолөнер туындылары көрме төрінен орын алды.

«Бір шаңырақ астында» көрмесі арқылы оқушылар мен қонақтар елімізде тұратын ұлттардың бай мәдени мұрасымен танысып, олардың өнері мен салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара оқушылар арасында өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтып, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін тағылымды тәрбие көзіне айналды.

Елордалық оқушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт қойды
Фото: Астана қаласы №2 өнер мектебі

Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан оң бағаланды.

Бұған дейін елордада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай аталып өтетінін жаздық.

Соңғы жаңалықтар