Елордалық оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарға LRT картасы беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – 28 сәуірден бастап Астана қаласы оқушылары мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады.

LRT
Фото: Астана әкімдігі

LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады.

Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.

Картаны дайындау құны — 1200 теңге.

— Өтінім беру тек онлайн форматта https://transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Рәсімдеу үшін мәліметтерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пунктті (жақын аудандық әкімдік) таңдау қажет.

Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың 6 аудандық әкімдігінде дайын карталарды беру орындары ұйымдастырылды. Дайын болған карталар сонда жіберіледі. Картаны пайдаланушы өтінім беру кезінде таңдалған тиісті аудандық әкімдіктен алады, — делінген CTS хабарламасында.

LRT атаулы көлік картасы тек LRT-мен жүруге арналған және қалалық бағдарларға жарамсыз.

Басқа жолаушылар үшін жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін стансаларда қолжетімді болады. Сондай-ақ, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері қарастырылған. Төлем тәсілдері туралы қосымша хабарланады.

Айта кетелік LRT бір күнде қанша жолаушы тасымалдай алатыны туралы жазған едік