Елордалық шахматшы әлем кубогында сенсация жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында жалғасып жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды.
2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинаға жол берген болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, Астанада классикалық шахматтан Қазақстан біріншілігінде жеңімпаздар анықталды.