Елордалық 8 қабатта терезеден салбырап тұрған бүлдіршінді құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны Сәбит Шонтақбаев көппәтерлі үйдің 8 қабатында балконда салбырап тұрған бүлдіршінді құтқарды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Ұлы дала көшесіндегі 27-1 үйдің 9 қабатында кішкентай баланың салбырап тұрғаны туралы хабарлама кеше сағат 10-21-де түскен. Шақырту орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 7 маманы мен 2 техникасы жіберілген.


«Оқиға орнына жеткеннен кейін 8 қабаттағы балконнның ернеуінде салбырап тұрған бүлдіршінді төменге қабатта тұратын ер адамның құтқарғаны анықталды. 2019 жылы дүниеге келген қыз бала оқиға орын алған сәтте үйде ата-анасымен бірге болған. Бірақ баланың балконда жүргенін ата-анасы білмеген. Бақытымызға орай, 7 қабатта тұратын 1985 жылы дүниеге келген Сәбит Шонтақбаев балкон ернеуінде салбырап, жылап тұрған қызды көріп, ойланбастап өз өмірін қатерге тығып, санаулы сәттердің ішінде бүлдіршінді ұстап қалды», - делінген таратылған ақпаратта.

Департамент мәліметінше, Сәбит Шонтақбаев батылдық танытып, ерлік көрсеткені үшін наградаға ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар