Елордалық әкімдік және ТЖД «Highvill» тұрғын үй кешенін тексеруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық әкімдікте Әсет Исекешевтің басшылығымен жиын өтті, оның аясында қаланың тіршілік қаракеттеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды елоданың медиа орталығы.
None
None

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының іске асуы және Смарт-сити жобасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов жаңа оқу жылы қарсаңында білім мекемелерінің дайындығы туралы баяндады.

Күн тәртібінде келесі тақырыптар бойынша мәселелер қарастырылды: тұрғын-ұй құрылысында үлескерлікпен үй салу мәселесі, қаладағы тіршілік қарекетінің нысандары, қалада қауіпсіздікті және жедел әрекет етуді қамтамыз ету мәселелері, бюджет қаражатының игерілуі, азық-түлік бағасы, ТКШ саласында жаңа тетіктер.

«Соңғы уақытта түнде орын алатын шу және көшедегі ұрыс-төбелес жөнінде шағымдар көбейіп кетті. Осыған байланысты қалалық ІІД және ЖПҚ ойын-сауық мекемелерге қатысты бақылауды күшейту керек»,- деді Әсет Исекешев.

Оған қоса әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қала басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Жиын қорытындысы бойынша әкім елордалық ІІД басшысына қоғамдық тыныштықты сақтауда қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар