Елордалық ІІД жас мамандарды жұмысқа шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы жолдамасы бойынша жас мамандарды жұмысқа шақырады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Заңгер», «Әлеуметтік қызмет», «Педагогика және психология», «Қоғаммен байланыс», «Ақпараттық технологиялар», «Есептеу техникасы» мамандықтары бойынша соңғы үш жылдың түлектері ақылы жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндігі бар.
Өтінім берушілерге «Бейбітшілік көшесі, 25 (Өркен ІҮ), 2 қабат» мекенжайында дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-17.00 аралығында қызмет көрсетіледі.