Елордалық қаржы полициясы перзентхананың бас есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Астана қаласы перзентханалары бірінің бас есепшісі Н-ға қатысты
None
None
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-ші бабы 3-бөлігі «б» тармақшасы бойынша - сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кету немесе ысырап ету факті бойынша - қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есепші әйел өзінің бір танысын жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығартып, бірақ оның бұл мекемеде жұмыс істемейтінін біле отырып, оның атынан жалақысын алып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 656 200 теңге зиян келтірген.
Соңғы жаңалықтар