Елордалық көлік полицейлері сенбілікке шықты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтуде. Осыған орай Көліктегі ІІД басшылығы мен жеке құрамы департаменттің ауласын және іргелес жатқан Затаевич және Есенберлин көшелерін тазартуға шықты.
Оған еліміздің 250-ден аса көлік сақшысы қатысып, ғимарат маңы мен іргелес жатқан екі көшені қыстан қалған қоқыстар мен артық заттардан тазартты, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ағаштардың түптерін әктеумен, қопсытумен айналысты. Осылайша, көлік полицейлері күннен күнге құлпырып, айшықтала түскен Астанамыздың тазалығына сүбелі үлес қосты. Бұл сенбілік көлік сақшыларының қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатындықтарын көрсетті.