Елордалық компания басшысы 123 адамды алдап, 149 млн теңге залал келтірген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 123 адамды алдап, 149 млн теңге залал келтірген бір компания басшысы ұсталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Сонымен қатар, сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады.


Соңғы жаңалықтар
telegram