Елордалық полицейлер әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуовты ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың мамыр айында Қ.Сәдуов № 25 мектептің қасында бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген соң, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай әйел алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Елордалық полицейлер әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуовты ұстады

Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабаралады.

Өткізілген жедел-іздеу шаралары кешенінің барысында Астана қалалық ІІД-нің жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде болған 43 жастағы Қанат Ғайсаұлы Сәдуовты ұстады.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, Қанат Сәдуов туыстарының жекеменшік үйінің жертөлесінде арнайы жабдықталған бөлмеде жасырынған.