Елордалық полицейлер бір күнде 1 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін тіркеді

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - 21-27 қазанда Астана қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
None
None

Шара аясында бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 мыңға жуық фактісі тіркелді, деп хабарлады astana.kz сайтына Жол полициясы басқармасынан.

Іс-шара барысында жол полициясының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді, жолдардағы нарядтар саны ұлғайтылды, жол қозғалысын қадағалау жұмыстарына қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері тартылды.

Жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның негізгі мақсаты жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, ЖҚЕ талаптарын орындамайтын, соның ішінде қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерін анықтау болып табылады. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің ішінде де тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер ұйымдастырылады.

Еске салайық, 9 айда елордада 494 жол-көлік апаты орын алып, 48 адам көз жұмды, 532-сі түрлі жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар